Тоқаев шахтада қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасындағы апатта қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым", – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр