Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Алматы, NEGE. – Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін