Тоқаев сенбілікке қатысып, көшет отырғызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлады  Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Желілік саябақта "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

"Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.