Тоқаев Сенаттың бес депутатын тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.