ТОҚАЕВ Сенат төрағасы лауазымына Мәулен ӘШІМБАЕВТЫҢ кандидатурасын ұсынды

Тоқаев Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Ақорда.

Астана, NEGE. «Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы ӘШІМБАЕВ Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы ӘШІМБАЕВТЫҢ кандидатурасын ұсынамын.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды