Тоқаев Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Президентке еліміздің сауда саласының былтырғы даму қорытындысы, Үкіметтің бағаны тұрақтандыру және қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы баяндалды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс берілді.

Серік Жұманғариннің баяндамасынан:

2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі – 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп;

қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады;

өңделген өнімдер экспорты 26,5 миллиард долларды құрап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты;

Қазақстан тұрғындардың қажеттілігін 19 өнім түрінің 10-ы бойынша толық, 6 өнім түрімен 80-98 пайыз және тағы үш өнім бойынша 50-ден 68 пайызға дейін қамтамасыз етеді; импортқа тәуелділікті барынша азайту үшін алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын ірі агрожобалардың топтамасы жасақталады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын дамыту, қосымша құны жоғары қазақстандық тауарларды экспортқа белсенді түрде шығару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді