Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.