Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейін аралады

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді.

Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.