Тоқаев Самарқанд қаласына келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.