Тоқаев Рудныйдағы жылусыз қалған тұрғындармен жүздесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда
.
Алматы, NEGE. "Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым", - деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалған.