Тоқаев Роза Бағланованың 100 жылдығымен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Роза Бағланованың 100 жылдығымен құттықтаған жазба қалдырды.

Алматы, NEGE. "Бүгін қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның "Халық Қаһарманы" атағына да ие болды", - деп жазды мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Роза Бағланованың қайталанбас дарын мен көрнекті дауыс иесі екенін, сол үшін халық оны "қазақтың бұлбұлы" деп атағанын атап өтті.