Тоқаев ресми сапармен Ресейге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.