Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр