ТОҚАЕВ ПУТИНМЕН не туралы сөйлесті?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана, NEGE. Тоқаевтың Путинмен не туралы сөйлескенін Ақорданың баспасөз қызметі тарқатып айтпады. Тек «телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды» деп қысқа қайырды.
Сондай-ақ «Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті» деп хабарлады Қ.Тоқаевтың баспасөз қызметі.
Тілшіміз Кремльдің ресми сайтына үңіліп көрді. Ол жерде де дәл осындай құрғақ әрі қысқа ақпарат жарияланыпты.