Тоқаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісін лауазымынан босатты

Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігіндегі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды

Ақорданың ресми сайты.

Астана. NEGE. "Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде, орталық коммуникациялар қызметінде қызмет атқарған.