9 ноября 2023 г. 16:36

Тоқаев пен Путин стратегиялық әріптестікті нығайту жұмыстарын нақтылады

Фото:

Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық әріптестікті нығайтуға деген өзара ұмтылысын нақтылады.

Алматы, NEGE. Өңіраралық және шекара маңындағы елді мекендер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, көлік-логистика, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық байланыс салаларындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін талқылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей президенттері халықаралық ахуалдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Тегтер: