Тоқаев пен Лукашенко саммитте сөз қағыстырып қалды

Астанадағы ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенко бірін-бірі әзілмен іліп-шалып қалды.

Астана, NEGE. Саммитке төрағалық етіп отырған Қ.Тоқаевқа қарата А.Лукашенко былай деді: «Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз неге бас хатшы туралы хабарламадыңыз? Біз бас хатшыны сайладық, ал сіз хабарламадыңыз».

А.Лукашенко. Фото: Ақорда

Тоқаев бұған тосылмады, әріптесіне: «Александр Григорьевич, төрағаны сынау сіздің сүйікті ісіңіз екенін білеміз. Александр Григорьевич хабарлау керек дейді, бірақ бізде әлі қол қою процесі жүріп жатыр», – деп жауап берді.

Бұдан әрі Қ.Тоқаев ТМД-ның атқарушы хатшысы лауазымы не себепті «ТМД-ның бас хатшысы» деп өзгертілгенін түсіндірді.

«Қажетті құжаттарға қол қойылып жатқанда хабарлай кетейін, біз ТМД-ның атқарушы хатшысы деген лауазымды ТМД-ның бас хатшысы деп өзгерту мәселесін шағын форматта талқыладық. Мен осындай ұсыныс айттым. Кеше біз ТМД-ның атқарушы хатшысы деген лауазымды ТМД-ның бас хатшысы деп өзгерту туралы шешім қабылдадық.

Бұған дейін де ШЫҰ-ның атқарушы хатшысын бас хатшы деп өзгерттік. Бұның мәні бар, бұл атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттырады. Әңгіме Сергей Николаевич Лебедев туралы болып отыр. Бұл лауазымға ол әбден лайық», – деді Қ.Тоқаев.

С.Лебедев. Фото: Ақорда

Әңгіме мұнымен де біткен жоқ. Тоқаев Лукашенкодан: «Сіз осыны қаладыңыз ба?», – деп жымия сұрады. Ал Лукашенко өзіне тән ожарлау стилде: «Мен саған әзірге мәртебе берілмегенімен, атқарушы хатшыны сайлағанымызды айтқым келді», – деді.

Тоқаев бұл жолы тағы да дипломатияға салды: «Әрине, Сергей Николаевич бізде өмір бақилық қой», – деп еді, залдағы мәртебелі қонақтар әдемі әзілге күліп жіберді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды