Тоқаев пен Ильхам Әлиев БАҚ үшін брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Ильхам Әлиев Астанаға ресми сапармен келді.

Алматы, NEGE. Ресми сапар кезіндегі кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев БАҚ үшін брифинг өткізді.

«Бұл сапар Сіздің екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықыласты екеніңізді білдіреді. Мен мұны толық қолдаймын. Қазақстан мен Әзербайжан – ежелден достығы берік бауырлас халықтар. Біздің салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, тіліміз бен діліміз – ұқсас. Ең бастысы, тарихы тамырлас елдеріміздің мақсаты мен мұраты – ортақ. Сондықтан, бүгінгі сапардың маңызы ерекше», - деді Тоқаев. 

Президент мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдетуге қатысты бірқатар келісімдерге қол жеткізілгенін мәлімдеді.

 

«Біз бүгін шағын және кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөздер өткіздік. Сауда-экономика, көлік-транзит, энергетика салаларындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқыладық. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдетуге қатысты бірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Осы сапардың нәтижелері Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», -деді президент. 

Қазір оқып жатыр

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді