Тоқаев Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі диалогты келесі жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіндегі баяндамасы басталды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі саммиттің, шын мәнінде, маңызды жиын болатынына және көпжақты ынтымақтастықтың алдағы даму қарқынын айқындайтынына сенімдімін. Консультативтік кездесулердің форматы өміршең болып қана қоймай, перспективасы зор, пәрменді алаңға айналды. Бұл – қуанышты жайт. Бұған кез келген мәселені конструктивті түрде шешуге мүмкіндік беретін белсенді әрі сенімді саяси диалог ықпал етеді. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейіп келеді. Бизнес арасындағы байланыстар жанданып, бірлескен кәсіпорындар саны арта түсті. Ірі аймақтық жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертеді. Соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті. Мұнымен шектеліп қалмайтынымызға сенімдімін. Сауда-саттықты одан әрі дамыту үшін елдеріміздің әлеуеті зор», - деді Мемлекет басшысы. 

Президент Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі диалогты келесі жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды.

«Әлемдегі тәртіп тез өзгеріп, біздің өңірдің тұрақтылығын бұзуға талпыныстар жасалып жатқан жағдайда елдеріміздің қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің маңызы арта түсті. Құрметті президенттер, аталған маңызды салада тұрақты консультациялар механизмін іске қосу жөніндегі Қазақстанның бастамасына қолдау білдіргендеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын. Нақты алдын алу шараларын әзірлеу үшін қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары деңгейінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі диалогты келесі жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын», - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін