Тоқаев: Облыс әкіміне ескерту жасадым

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін жұмысынан босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым».

Тараз қаласында мектеп оқушысы зорлануына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасына былай деп жазды:

Алматы, NEGE. Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев бұрын Шу ауданының әкімі қызметін атқарған. Қала әкімдігіне ол биылғы жылдың сәуір айында ғана тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Тараз қаласындағы мектептердің бірінің әжетханасында 12 жастағы қыз зәбір көрген. Күдікті ұсталды. Бұл іске қатысты мектеп директоры, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер жұмысынан босаған. Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті.  

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды