Тоқаев Меркельмен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

Алматы. NEGE. Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізіп жатыр. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылаған. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездескен.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлемек. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті