Тоқаев Меккеде кіші қажылыққа барды

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның бас киелі ордасы Мекке қаласында умра (кіші қажылық) жасады.

Алматы, NEGE. Қазақстан президенті құрметке ие болды - ол ерекше жағдайларда есігі мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаның ішіне кірді, деп хабарлайды Ақорда.

Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан басшысына деген терең құрметінің дәлелі болды.

23 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Сауд Арабиясына келді. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясындағы іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды