Тоқаев медицина қызметкерлеріне көмек беруге әзір

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер желісіндегі парақшасында ел медицинасының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Алматы, NEGE.  "Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау - сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді.", - делінген Қ.Тоқаевтың құттықтауында.

Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстанда әлеуметтік желілерде коронавирус індетімен байланысты ауруханаларда орын қалмағаны, дәрі-дәрмек пен медицина аппараттарының жетіспейтіні туралы айтқан дәрігерлердің аудио,бейнежазбасы көптеп шығып кеткен еді.    

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні 1998 жылдан бері Ресейдегідей маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.