Тоқаев Мәскеуге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, NEGE. Қазақстан президентін «Внуково-2» әуежайында салтанатты түрде ресми қарсы алды. 

Мемлекет басшылары ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Бұл – Қ.Тоқаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы ресми сапары.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр