Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.
Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды.
Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.
Сондай-ақ, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.