Тоқаев мәдениет және спорт саласындағы әйелдерге құттықтау хат жолдады

Асхат Оралов мәдениет және спорт саласының көрнекті өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Алматы, NEGE. Президенттен құттықтау хат алғандардың қатарында Димаш Құдайбергеннің әжесі - Миуа Мүбаракшақызы, жазушы, журналист - Шәрбану Бейсенова, Қазақстанның Еңбек Ері, әнші - Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, педагог - Тойған Ізім, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші - Тамара Асар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы - Раушан Мұсақожаева, «Қазақконцерт» директоры Ақтоты Райымқұлова және басқа да мәдениет, спорт, архив ісі саласының қызметкерлері мен ардагерлері бар.

Халықаралық әйелдер күніне арналған осындай іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр.