Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады.

Президент қазақстандық мамандар атом энергетикасы саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың озық технологияларын зерттеп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ олар жаңартылатын қуат көздері саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.