Тоқаев: Күрес – нағыз қазақтың спорты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінде болып, оқушылармен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақтөбе, NEGE. Баспасөз қызметі ұсынған видеода балалардың күрес бапкерімен жаттығып жатқаны көрсетілген.

"Шын мәнінде, спортпен міндетті түрде айналысу керек. Күрес деген нағыз қазақтың спорты. Әлем чемпионы болу міндет емес. Әрбір адамның қабілеті болады. Дегенмен, жалпы спортпен міндетті түрде айналысу керек. Спорт деген адамның көзғарасы. Сондықтан баршаңызға амандық тілеймін. Жақсы спортшы болыңдар, елге, халыққа қызмет етіңіздер", - деді Тоқаев балаларға.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті