Тоқаев ҚР Премьер-Министрін тағайындады

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылған болатын.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы да Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдады.

Президенттің Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.