Тоқаев Қордайдағы жағдайға пікір білдірді

Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты Twitter-де пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», - деп жазған мемлекет басшысы.

Кеше осы оқиғаға байланысты NEGE.kz Жамбыл облыстық Полиция департаментіне сауал жолдаған еді. «Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес орын алды. Полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда" деп жауап берген ведомство өкілдері.

 

Қазір оқып жатыр

Арқалықта мектептің шатыры өртенді

ҰҒОО Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre болады

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды