Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

Алматы, NEGE. "Ақпанның 4-5 күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Қысқы Олимпиадаға спорт және мәдениет министрі Дәурен Абаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың баратыны айтылған.