Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ақорданың ресми сайты жариялаған мәлімдеде Мемлекет басшысы екі елдің шекарасында болған қарулы қақтығысқа алаңдаушылық білдірген. «Қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдаймын. Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайын екенін айтты. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуінде мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыру қажет деп санайды Президент. «Қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдаймын. Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуінде мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыру қажет деп санаймын», - деді ҚР Президенті. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді