19 сентября 2022 г. 18:14
Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
Алматы, NEGE. – Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.