Тоқаев қазақстандық вакцинаны салдыратын болды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты.

Алматы, NEGE. Адамдар ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуге тапсырамын», - деді.

Сонымен қатар Президент отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын атап өтті.

«Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады