Тоқаев Қазақстандағы бизнес-омбудсменді ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бизнес-омбудсменді ауыстырды, деп хабарлады ҚазТАГ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Жүрсінов 2015 жылдың қаңтарынан бастап басқарма төрағасының орынбасары – «Атамекен» ұлттық кәспікерлер палатасы басқармасының мүшесі, 2012 жылдың шілдесінен бастап 2015 жылдың қаңтарына дейін «Kazenergy» Қауымдастығы» ЗТҰ құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры, 2011 жылдың сәуірі-2012 жылдың қаңтары аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ заң мәселелері департаментін басқарған.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды», - деді Ақордада.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті