Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі.

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді