Тоқаев Қарағандыдағы жаңа мектептің жұмысымен танысты

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған 1 200 орындық мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Жаңа білім ошағына жақын жерлердегі қазақ мектептерінен 900 оқушы ауыстырылған. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысып, бастауыш сынып оқушылары оқитын кезекші сыныптарды аралады.