Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Алматы, NEGE.  "Қабдеш Жұмаділовтың қаламынан шыққан туындылар дәуірдің жүгін, замана келбетін, қоғамның үнін айқын көрсете білген еді. Соның ішінде қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды. Қарымды қаламгер еліміздің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңірді. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш Жұмаділовтың есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін