Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

Құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар елімізде кісі өлтіру қылмыстарының санын айтарлықтай азайтуға ықпал етті. Сондай-ақ ұрлыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу жұмыстары күшейтілді.

Алматы, NEGE. Ұйымдасқан қылмыстың шығу себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға басымдық бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерін өзгерту нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалды.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру барысында ұялы байланыс компаниялары "ауыспалы" нөмірлерден шалынған 5,5 миллион қоңырауды бұғаттаған.

Министрлік алты ұйымдасқан қылмыстық топты жойып,  алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатты. Ішкі істер министрлігі басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысын анықтады.

Заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 70 есірткі зертханасы жойылды және есірткі жарнамалайтын 1990 сайт бұғатталды.

Қазір оқып жатыр

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев