Тоқаев: Иранның мойындағаны жөн болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран билігі украиналық жолаушылар ұшағын абайсызда атып түсіргенін мойындағанына байланысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Twitter парақшасына Қ.Тоқаев былай деп жазды: «Бірнеше мемлекеттің азаматтарын ажал құштырған әуе апатына байланысты Иран билігі кінәсін мойындауының маңызы зор. Қалыптасқан жағдайға байланысты тараптар бейбіт азаматтарды да құрбан етуі мүмкін шиеленісті жағдайды тұрақтандыру үшін ұстамдылық танытқаны жөн».

Қазір оқып жатыр

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады