28 октября 2022 г. 18:21

Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото:

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Алматы, NEGE. – Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бақилық болғандардың жаны жәннатта болуына, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Тегтер: