Тоқаев Иманбекті Grammy-дегі жеңісімен құттықтады

Президент Қамым-Жомарт Тоқаев Иманбек Зейкеновті жеңісімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!", - делінген құттықтауда. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті