10 июня 2023 г. 12:08

Тоқаев Ильинді жұмыстан қуды

Фото:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. Абай облысында алапат өрт болып жатқанына бірнеше күн болды. Төтенше жағдайлар министрлігі дұрыс ақпарат таратпағандықтан жұмыс дұрыс үйлестірілсмей, өрттің көлемі өршіп кетті.

Фото: 24.kz

Президент Жарлығында Ильиннің не үшін қызметінен босатылғаны айтылмағанымен, мұның себебі алапат өрт және министрліктің тиімсіз жұмысы екені анық.

Өрт салдарынан үш адам қаза тауып, он бір адам іздестіріліп жатыр. Жоғалған орманшыларды тірі табу уақыт өткен сайын азайып барады... 

Тегтер: