Тоқаев Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін