Тоқаев халықаралық компаниялар басшыларымен кездесулер өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық компаниялар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші отырысы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Fortescue Future Industries директорлар кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы Эндрю Форрестті, сондай - ақ "Полиметалл БК" АҚ президенті Игорь Финогеновты қабылдады", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Эндрю Форрестпен кездесуі барысында Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылатын төмен көміртекті даму мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, "Fortescue Future Industries" директорлар кеңесінің төрағасы президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегі өндірісі бойынша жобаларға инвестиция салу жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді.

Игорь Финогенов Тоқаевты әлемдегі ең ірі тау-кен және алтын өндіретін компаниялардың қатарына кіретін "Полиметалл УК" АҚ қызметі туралы хабардар етті. Бизнесмен Мемлекет басшысымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарларымен бөлісті.