Тоқаев Ержан Максимді құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алған жерлесіміз Ержан Максимді құттықтады.

Алматы, NEGE. «Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл – теңдесі жоқ тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Мемлекет басшысы.

Кеше Польшада өткен байқауда Ержан тқрешілер шешімі бойынша бірінші орын алғанымен, көрермендердің дауыс беруі қорытындысы бойынша екінші орын (227 балл) иеленді.

Бірінші орынды 278 балл жинаған поляктың әнші қызы Виктория Габор иеленді.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан