Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті», – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мемлекет басшылары жылы ілтипат білдірісіп, бір-біріне жаңа жылдық құттықтауларын жеткізіскен. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылаған.

«Екі елдің көшбасшылары тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты жоспарын белгіледі», – деп жазады дүйсенбі күнгі мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы