Тоқаев Ердоғанмен «Кулие» резиденциясында кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды», - делінген хабарламада. 

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анкара қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.