Тоқаев Ердоғанмен кездесуінде жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты

Президент қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Алматы, NEGE.  Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты.

– Марқұмдардың туған-туыстарына, Өзіңізге және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтамын. Түркия – әрқашан қиындыққа қарсы тұра білген мемлекет. Сіздер мол тәжірибе мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықты еңсеріп шығасыздар деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған әлемдік көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстаның құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік, – деді Түркия Президенті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр