Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдаған. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Ван провинциясындағы қар көшкіні жолаушылар автобусымен бірге, қар тазалайтын техниканы басып қалған еді. Осы оқиғадан жиырма шақты адам қаза тапқан. Кейін құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанда, қар көшкіні тағы қайталанып, 50 құтқарушы қар астында қалып қойған еді. Қазір белгілісі, 33 адам опат болған, жараланған 75 адамның 9-ының жағдайы ауыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады